Тұрмыстық химия - дүние-мүлікке, киім-кешекке, үй-жайға, автокөлікке күтім жасауға арналған құралдар. Тұрмыстық химияға сонымен қатар залалсыздандырғыш құралдар мен желім жатады.
ЗИЯНЫ
Тұрмыстық химиялық заттардың қалдықтары топырақ пен суды ластайды. Кейбір косметикалық және тазартқыш құралдар теріге, тыныс алу жүйесіне зиян келтіреді. Пластик пен синтетика табиғатта ыдырамайды, экологияға қауіп төндіреді.
ПАЙДАСЫ
Киім, тұрмыстық техника, косметика, тағам, дәрі-дәрмек – барлығы химиялық заттарсыз мүмкін емес. Химиялық тазалау мен тұрмыстық химия гигиена мен денсаулықты сақтауға көмектеседі. Пластмасса, синтетикалық мата – тұрмысты жеңілдетеді.
ЗИЯНДЫ ХИМИЯНЫ АЗАЙТУ ЖОЛАРЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ЗАТТАРДЫ ПАЙДАЛАУ
Табиғи тазартқыштар: сода, сірке суы, лимон қышқылы.
Фосфатсыз кір жуғыш ұнтақтарды таңдау.
Хлорсыз дезинфекциялаушылар қолдану.
ҚАЛДЫҚТАРДЫ ДҰРЫС ҮЙЛЕСТІРУ
Химиялық қалдықтарды арнайы контейнерлерге жинау.
Пластик, әйнек, қағазды қайта өңдеуге жіберу.
Қолданылған батареялар мен шамдарды арнайы қабылдау орындарына тапсыру.